Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиаспас» тікұшағы шұғыл медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Пилоттар мен санитарлық авиация дәрігерлері 2015 жылы туған қыз баланы Қатонқарағай ауданынан Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге шұғыл жеткізді.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде науқас қыз аман-есен ауруханаға жеткізілді.
ТЖМ тікұшақтары елді мекендердің үлкен қашықтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін тұрақты дайындықта тұр, – деп жазылған хабарламада.