Quartz сайтының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz, марафон ұйымдастыратын үздік қалалардың тізімін жариялайды.
Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Elsa / Getty Images
Марафон саламатты өмірдің көрінісіне айналып, танымалдығы өсуде. Бүгін де Астанада Astana Half Marathon жартылай марафоны өтті. Кезекті спорт мерекесіне 30 елдің 8000 өкілі қатысқан.
Жалпы жыл сайын бүкіл әлем бойынша миллионнан астам адам марафон жүгіруге қатысады. АҚШ қалаларында да марафондар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Бірақ қай қалалар марафон өткізуге ең қолайлы?
Фото almaty-marathon.kz сайтынан алынды
Бұл сұраққа жаһандық мобильдік қызметтерді ұсынатын SIXT компаниясы жауап іздеген. Нәтижесінде АҚШ-тағы марафоншылар үшін ең үздік 10 қаланы анықталған. Рейтингті жасау барысында компания келесі факторларды ескерген: жыл сайын өткізілетін марафон саны; жергілікті жүгіру клубтарының көптігі; марафонның орташа уақыты; жарысқа дейін және одан кейін немен айналысуға болатыны; спорттық киім дүкендерінің саны; қонақүйлердің сапасы.
«Бұл бағыттар жаңа жүгірушілерді алғашқы мәресіне жетуге, жеке рекордтар орнатуға және жол бойындағы көрікті жерлерден шабыт алуға көмектеседі», – деп мәлімдеген SIXT өкілдері.
Төмендегі тізімдегі қалалар жүгірушілерді қабылдау қабілеті бойынша жоғары баға алған.
10. Сан-Франциско, Калифорния
Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Robert Reiners / Getty Images
9. Вентура, КалифорнияФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Ventura Marathon
8. Филадельфия, ПенсильванияФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Patrick McDermott / Getty Images
7. Капаа, ГавайиФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: The Kauai Marathon
6. Милуоки, ВисконсинФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: instagram.com/mke_marathon
5. Окленд, КалифорнияФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: instagram.com/oaklandmarathon/
4. Винтер Парк, ФлоридаФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: trackshack.com/event/103/directions
3. Нью-ЙоркФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Elsa / Getty Images
2. Лас-Вегас, НевадаФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Kyle Rivas / Getty Images
1. Окала, ФлоридаФото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Savage Seven
Жылдан жылға марафонға қатысқысы келетіндер үшін Қазақ елінің қалалары да қолайлы жағдайлар жасауда. Марафонды ұйымдастыруда спорттық инфрақұрылымның жақсы деңгейі мен спорт сүйер қауымға ыңғайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Мұндай қалаларда жүгірушілер тек жарысқа қатысып қана қоймай, сонымен қатар туристік әсер алып, жақсы демалады. Марафон – бұл спорт қана емес, сонымен қатар денсаулық пен шабыт, жаңа жеңістер жолы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.