Бұл туралы шенеунік Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Үндістан алғаш рет Пәкістан ұшағын атып түсіргенін растады
istockphoto.com
640
оқылды

Үндістан Қорғаныс штабының бастығы Анил Чаухан алғаш рет Пәкістан әскери ұшағын атып түсіргенін растады, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы ол Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Чаухан мәлімдемесінде ұшақты атып түсіру кезінде тактикалық қателіктер болғанын мойындап, олар кейін түзетіліп, екі күннен соң Үндістан қайта шабуыл жасағанын айтты.

Пәкістан тарапынан алты үнді ұшағы атып түсірілді деген ақпаратты Чаухан «жалған» деп атап өтті.

Аталған қақтығыс Үндістанның Джамму мен Кашмир аймағындағы терактке жауабы ретінде басталған болатын. Қарсылас тараптар бір-бірінің аумағына зымыран соққыларын жасаған.

10 мамырда АҚШ-тың арағайындығымен екі ел атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз