Ауыл тұрғындары арнайы құтқару бөлімшесіне келіп, күн-түн демей тасқынмен күресіп, үйлер мен тұрғындарды аман алып қалған құтқарушыларға алғыс хат пен жүректен шыққан өлең жолдарын табыстады
СҚО тұрғындары су тасқынынан қорғап қалған құтқарушыларға алғыс өлең арнады
ТЖМ
619
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылының тұрғындары су тасқыны кезінде көрсеткен көмегі үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Ауыл тұрғындары арнайы құтқару бөлімшесіне келіп, күн-түн демей тасқынмен күресіп, үйлер мен тұрғындарды аман алып қалған құтқарушыларға алғыс хат пен жүректен шыққан өлең жолдарын табыстады.

 

Су деңгейі көтерілген сәтте ТЖМ мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елді мекенді тасқыннан қорғауға бар күшін салған болатын. Ауыл жұртшылығы олардың ерлігі мен жанқияр еңбегін жоғары бағалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз