Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске асырыла бастады. Оның аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді.
2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты. Ал тұтастай бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр.
Жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім беру ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.
Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.