Оқиға 30 мамырда сағат 19.30 шамасында болған, – деп хабарлады POLISIA.KZ.
Патрульдік полицейлер қызмет барысында М.Әуезов көшесіндегі 9 қабатты үйдің төбесінде ер адамды байқаған. Осыдан кейін олар дереу шатырға көтеріліп, ер адамды құтқаруға асықты. Тәртіп сақшылары оны бірден ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды.
Қазір 36 жастағы азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.