Маусым айында Қазақстан халқы Құрбан айт мерекесінің басталуына орай қосымша демалыс күніне ие болады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Биыл Құрбан айт 6 маусымға сәйкес келеді. Осыған орай аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 6, 7 және 8 маусым күндері демалады.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер екі күн демалады: 6 маусым (жұма) – демалыс, 7 маусым (сенбі) – жұмыс күні, 8 маусым (жексенбі) – демалыс.
Маусымда бес күн жұмыс істейтіндерде он күн демалыс, ал алты күн жұмыс істейтіндерде алты күн демалыс бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.