Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
456
оқылды

Мемлекет басшысы Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтің, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.