Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді.
COVID-19: Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
537
оқылды

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр.

Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр.

Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биыл Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды.

Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, сәуір мен мамыр айлары аралығында әлем бойынша 23 164 расталған жағдай тіркелген. Әлемде Омикронның LP.8.1, JN.1, NB.1.8.1 және басқа да нұсқалары айналымда болуы жалғасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.