Ширек финалда ол филиппиндік Чавез Роналдты еш қиындықсыз жарыс жолынан шығарды.
Төрехан Сабырхан филиппиндік қарсыласын нокдаунмен жеңіп, жарыстан шығарды
Фото: Бокс федерациясы
361
оқылды

Таиландта әуесқой бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70кг) кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, - деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда ол филиппиндік Чавез Роналдты еш қиындықсыз жарыс жолынан шығарды.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты өз қолына алып, ойын тағдырын шешіп тастады. Ал, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.

Бұдан бөлек, ширек финалда Оразбек Асылқұлов (60кг) таи боксшысына есе жіберді. Аса ауыр салмақтағы Даниял Сапарбай да жарысты ерте аяқтады. Ал, қыздар арасында ел намысын қорғаған 

Назерке Серік (65кг) жергілікті боксшыдан жеңіліп қалды.

Сонымен қатар ерлер арасынан Нұрсұлтан Алтынбек (55кг), Тимур Нұрсейт (75кг), Нұрзат Оңғаров (50кг) және Данияр Рахымбердиев (90кг) келесі айналымға шықты. Қыздар арасынан шаршы алаңға шыққан Виктория Графеева (60кг) мен Гүлназ Бурибаева да (48кг) жартылай финалда өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.