Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында өткен беделді халықаралық турнирде екі бірдей жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күні Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде екінші орыннан көрінді.
Кейін ол 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден де финалға өтіп, осы бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин ел чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.