Cardiff University – Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі, беделді Russell Group қауымдастығының мүшесі.
Cardiff University Kazakhstan-да ашық есік күні өтті
533
оқылды

Cardiff University-дің Қазақстандағы алғашқы әрі жалғыз кампусының ашылуына арналған салтанатты іс-шараға 400-ден астам адам қатысты. Ашық есік күні Астана қаласы Сығанақ көшесі 38/1 мекенжайында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы   Qualified Centre of Education  қоғамдық қоры,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Cardiff University  Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі, беделді Russell Group қауымдастығының мүшесі. Университет халықаралық рейтингтерде үнемі алдыңғы қатарда:

  • QS World University Rankings 2025  186-орын
  • Times Higher Education 2024  190-орын

Cardiff University бизнес-әкімшілік саласы бойынша әлемнің үздік 50 университетінің қатарына енеді. Сондай-ақ білім беру, инженерия және геология бағыттары бойынша да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Іс-шара аясында:

  • Университеттің академиялық бағдарламаларымен және халықаралық білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру;
  • Cardiff University өкілдерімен кездесіп, тікелей сұрақтар қою мүмкіндігі;
  • Мемлекеттік құрылымдар, білім және бизнес салаларының өкілдерімен бейресми сұхбаттасу;
  • Қыздар мен ұлдарға арналған жатақханаға экскурсия өтті.

Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтардың қатарында Cardiff University өкілдері мен  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болды. Олар студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі.

Cardiff University кампусының Астанада ашылуы  Қазақстанның жоғары білім саласындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Бұл еліміздің студенттеріне шетелге шықпай-ақ, әлемдік деңгейдегі білім алуға бірегей мүмкіндік береді.