Бибісара Асаубаева – Қазақстанның жаңа гроссмейстері. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Sharjah Masters-2025 супертурнирінде отандасымыз өзінің үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2 500 рейтингтік межеден асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
21 жастағы шахматшы жарыста үздік отыздыққа еніп қана қоймай, әйелдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Ол әйелдер гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты артта қалдырды.
Енді FIDE кеңесінің алдағы отырысында ресми бекітілген соң Бибісара Асаубаева қазақстандық әйелдер арасынан екінші гроссмейстер атанбақ. Біріншісі – Жансая Әбдумәлік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.