Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақорда
315
оқылды

Мемлекет басшысы Грузия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.