Оның төртеуі – алтын.
Тарихи жетістік: каратэшілер Азия чемпионатынан 10 медаль жеңіп алды
Фото: ашық апарат көзінен алынды
312
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында каратэден  Азия чемпионаты өтті. Оған 29 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан жалпыкомандалық есепте топ басына шықты.  

Ұлттық құрама өкілдері арасынан 68 келідегі Дайяна Даренская мен 68+ келідегі Софья Берульцева барлық қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ерлер арасында 55 келідегі Жоламан Биғабыл мен 75 келідегі Нұрқанат Әжіқанов жеңіс жолын жалғады. Ал Мөлдір Жаңбырбай, Әсел Қанай, Данияр Юлдашев және Диас Ұлбек қола жүлдегер атанды.

Қазақстанның қыздар құрамасы күміс, ерлер құрамасы қола жеңіп алды. Жалпы есепте Қазақстан бірінші, Жапония екінші, Вьетнам үшінші орында. Алдыңғы бестікке Иордания және Иран құрамалары кірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.