«2025 жылғы 25 мамыр күні Астана уақытымен сағат 07:35-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді», – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ресей аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1 162 шақырым жерде орналасқан.
Болжамды жер сілкінісінің күші:
• Өскемен қаласында – 2 балл;
• Қатонқарағай ауылында – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.