Актриса қарт ата-анасына қарамай кеткен жастарға таңғалғанын жасырмады.
«Миыма сыймайтын нәрсе»: Айгүл Иманбаева қартайған ата-анасына қарамай кеткен жастар туралы айтты
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva
11,184
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде ұрпақ тәрбиесіне қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі шетелде оқып келгеннен кейін түрлі елдің мәдениетін зерттей келе, отбасы, бала тәрбиесіне қатысты қандай ой түйгенін айтты. Ол ұрпақ жалғастырып, оған лайықты тәрбие беру қазақ халқының басты ерекшелігі екеніне көз жеткізгенін жасырмады.

Актриса қарт ата-анасына қарамай кеткен жастар туралы білгенде таңғалған.

«Қазір батыстан, шығыстан келген тенденция бар, психологтар айтатын «Әке-шешеңе қарама. Өзіңнің шекараң бар» деген. Бір жыл Лондонда оқу көп уақыт емес. Дегенмен солардың мәдениетін, тыныс-тіршілігін көргеннен кейін салыстырасың ғой. Иә, білім, ғылым жағынан Еуропа, Англияның алдына ешкім шыға қоймайтын шығар. Бәрі келіседі деп ойлаймын. Бәрі дамып кеткен. Білім, ғылым, мәдениет жағынан алда. Бір адамның жеке шекарасына екінші адам кірмейді. Ол кәдімгі сотқа дейін баратын іс болып есептеледі. Бала он сегізге толғанда жібереді. «Мектеп бітірдің ба, болды. Өз күніңді өзің көр» дейді. Тек сенбі, жексенбіде ата-анасының үйіне келіп тұрады. Оны өз көзіммен көрдім де. Әке-шешесі қартайғанда үйлерін үкіметке өткізеді де, қарттар үйіне барады. Сол жақта өмірден өтеді. Былай қарасаң, мұндай қазақтың миына, тәрбиесіне сыймайтын нәрсе. Балалары бармауы да мүмкін, телефон шалып, «Мама, папа сіздерді жақсы көремін» дейді. Қалай жақсы көремін деп айтады? Әке-шешесіне бармайды, бақпайды. Иә, бізде білім, ғылым жетіспей жатады. Біздің елдің ең үлкен артықшылығы – ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпағының қызығын көремін деп, немере бағуы. Ата-әже болып, махаббатын беруі. Әрине, бала мен келінге жеке шекара беру керек. Ақыл айтып, балаңды қызғанудың қажеті жоқ. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеу деген біздің ерекшелігіміз», - дейді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.