Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы жастардың неке қиюына қатысты мәселені қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Оның айтуынша, қыз ұзатылмай тұрып неке қиылуы керек.
“Неке қыздың үйінде қиылуы керек. Кейбіреулер «Ойбай, ол қалай?» деп түсінбей жатады. Жоқ. Себебі, үйінен алып шығып бара жатқанда, күйеу жігіт қыздың қолынан ұстайды. Сондықтан әкесі жігітті шақырып, бірден некені қиюы керек. Мұсылман адам некесіз жігітке қызының қолын ұстатқызбайды. Бізде не істейді? Мешітке көлікпен шулатып келіп, неке қидырады. Мешітке келгенше, жігіт қыздың қолын ұстап, сүйеді, басқасын айтпағанда. Осының бәрі некесіз болады. Біз оған мән бермейміз. Ал келін алды-арты ашық көйлекпен келеді. Оған қарамаймын деген молда не оқып, не қойғанын білмей, есі ауып қалады”, – деді Нұрлан имам.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.