Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Чунсу Кимды еш қиындықсыз жеңді.
Боксшы Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Фото: Бокс федерациясы
1,129
оқылды

Әуесқой бокстан Таиландта өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан (70 кг) алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея боксшысы Чунсу Кимды еш қиындықсыз жеңді.

Ал Дулат Бекбауов (65 кг) болса келесі кезеңге айқассыз өтті. Себебі иорданиялық Обада Аль-Касабе кездесуден бас тартты. Айта кетейік, бұл аламанда Бекбауов жаңа салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Жарысты жеңіспен бастаған тағы бір спортшы — Виктория Графеева (60 кг), ол оңтүстіккореялық Ёнджи Оны жеңді.

Естеріңізге сала кетейіа, бұл турнир 24 мамыр мен 1 маусым аралығында Бангкок қаласында өтіп жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек Қытай, Жапония, Өзбекстан, Таиланд және басқа да елдердің былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.