Астана төріндегі бұл додада еліміздің мықтылары боз кілемде бақ сынап жатыр.
Күрестен Қазақстан кубогы басталды
Фото: ҰОК
568
оқылды

Бүгін Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде еркін күрестен 57, 65, 86, 97, 125 келі салмақта іріктеу кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, бүгін ресми ашылу салтанаты мен жартылай финалдық белдесулер өтеді. 

Астана төріндегі бұл додада еліміздің мықтылары боз кілемде бақ сынап жатыр.

Бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан шамамен 1000 балуан қатысады.

Айта кету керек, биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені Кубоктың басты мақсаты - алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.

Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.