Продюсер бүгінде ең бастысы еңбек өтілі емес, талант пен еңбек екенін атап өтті.
Баян Алагөзова Халық әртісі атанған Әлішер Кәрімовке қолдау білдіріп, Роза Рымбаева туралы айтты
Фото: Видеодан кадр/YouTube/Aissaule Bakytbek-Kaidarova
1,678
оқылды

Белгілі продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жақында мемлекеттік марапат алған жастардың атына айтылған сынға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әсіресе Қазақстанның халық әртісі атағын алған 39 жастағы эстрада әншісі Әлішер Кәрімовке қолдау білдірді.

Продюсер бүгінде ең бастысы еңбек өтілі емес, талант пен еңбек екенін атап өтті. Сонымен қатар ескірген кеңестік үлгілерден арылуға шақырды. 

"Бұрын 20 жыл, 40 жыл жұмыс істеу керек, сонда ғана атаққа лайық боласың дейтін. Қазір бәрі өзгеріп жатыр, жастардың уақыты, жаңа трендтердің уақыты келді", – дейді продюсер.

Ол сондай-ақ өткен жылы Әли Оқаповты атаққа ие болғаннан кейін қалай сынға алғанын есіне алды. Продюсер мұндай көзқарас қызғаныштан болатынын атап өтті.

Продюсер сонымен қатар аты аңызға айналған Роза Рымбаеваның да жас кезінде Халық әртісі атанғанын және бұл оның лайықты жетістігі болғанын айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.