Азия чемпионаты 10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтті.
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы 42 алтын жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі
359
оқылды

Қазақстан құрамасы барлық салмақта 50 спортшыны апарып, 49 жүлдені еншіледі.

Оның ішінде  42 алтын, 6 күміс, 1 қола медальға ие болып рекорд орнатты. Атап айтқанда, 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста  отандастарымыз 12 алтын, ал  ерлер 10  алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді.

22 жасқа дейінгі қыздар арасындағы бәсекеде 10 алтын,  3 күміс, ал  ерлер 10 алтын , 2 күміс медальға қол жеткізді.

U22 Азия чемпионаты бойынша ТОП-3 мемлекет:

1. Қазақстан – 41 алтын, 6 күміс, 1 қола
2. Тәжікстан – 3 алтын, 4 күміс, 6 қола
3. Қырғызстан – 3 алтын, 10 күміс, 10 қола

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.