Бокстан Шри-Ланкада жалғасып жатқан U22 Азия чемпионатының финалында соңғы болып он екінші спортшымыз рингке шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аса ауыр салмақта жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдесін алып үлгерген Әсел Тоқтасын бейтарап ретінде өнер көрсеткен үнді қызы Пайал Жахармен кездесті.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, бірден шабуылға лап қойған отандасымыз қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, 2-раундтың соңында айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бұдан бұрын Жібек Жарасқызы, Шұғыла Нәлібай, Бақыт Сейдіш, Ұлдана Таубай, Аружан Жаңабаева, Анар Тұрсынбек, Виктория Байдукова, Элина Базарова алтын медаль жеңіп алып, U22 Азия чемпионы атанған еді.
Ал Томирис Мырзақұл, Гүлнар Тұрапбай, Ақбота Болат күміс жүлде алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.