Әнші Кәмшат Жолдыбаеваның күйеуі, актер Ғазірет Қажымұқанұлы желі қолданушыларының сынына қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Желідегі оқырманға стримде отыратын актердің қыздармен жиі сөйлесетіні ұнамай қалған.
“Мен жеке өмірімді айтқанды ұнатпаймын. Үйленген болуым да мүмкін”, – дейді актер бейтаныс аруға.
Желі қолданушылары актердің әрекетін сынға алды.
"Әйелін үйде отырғызып, өзі қыздармен сөйлесе ме?", "Кәмшатқа тыйым салып, өзі күнде ТикТокта", "Ақша жақсы түседі тиктоктан, осылай шыққаны үшін", "Бәрі отырады, бұл да ақша жасаудың әдісі. Сөйтіп тиыннан қомақты ақша жасайды. Соларды асырайтын баяғы халық", "Кәмшаттың күшті клиптерін алғызып тастап, үйге отырғызып қойды. Өзі қызбен танысып отыр ғой", – деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.