Екі аптаға жалғасқан сары құрлықтың додасында 19 елден 74 боксшы сынға түсіп, тек Қазақстан құрамасы ғана толық құрамда өнер көрсетті.
Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 алтын медаль иеленді
2,520
оқылды

10-24 мамыр аралығында Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен бокстан U22 Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы айқын басымдықпен топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

13 салмақтың 12-сінде финалға шыққан жігіттеріміз 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, 

Қазақстан құрамасынан тек 54 келідегі Кенже Мұратұлы ғана бірінші жекпе-жекте есе жіберді.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:

  • Тілеуберді Сүлеймен (48 келі) – 1-орын
  • Диас Берікбай (51 келі) – 1-орын
  • Жасурбек Анорбаев (57 келі) – 1-орын
  • Нұрислам Қалдыбаев (60 келі) – 1-орын
  • Бақтияр Анарбаев (67 келі) – 1-орын
  • Ағажан Қадыр (71 келі) – 1-орын
  • Аман Қонысбеков (75 келі) – 1-орын
  • Бақберген Әлиасқаров (80 келі) – 1-орын
  • Ибрагим Бетаев (86 келі) – 1-орын
  • Азатбек Жолдасхан (92 келі) – 1-орын
  • Сералы Жолмағанбет (63,5 келі) – 2-орын
  • Ерсұлтан Сапар (+92 келі) – 2-орын.

Ерлер бәсекесінде жоғары нәтиже көрсеткен ТОП-3 мемлекет:

  1. Қазақстан – 10 алтын, 2 күміс, 
  2. Қырғызстан – 2 алтын, 4 күміс, 3 қола.
  3. Тәжікстан – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола.

2 аптаға жалғасқан сары құрлықтың додасында 19 елден 74 боксшы сынға түсіп, тек Қазақстан құрамасы ғана толық құрамда өнер көрсетті.

Қазақстанның ерлер құрамасы өз тарихында үшінші мәрте 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жүлдеге таласты. Бірінші мәрте 2023 жылы Таиланд Корольдігінде жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс, 5 қола алса, 2024 жылы Астана төрінде 13 боксшымыз да финалға шыққанымен, 8 алтын, 5 күміс медальмен жарысты аяқтаған болатын.