Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар жастары» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Мөлшерлеме – 6 %, бағдарламаға жасы 35-тен аспаған жас мамандар мен жас отбасылар қатыса алады.
«Қызылжар жастары» бағдарламасының шарттары:
- мөлшерлеме – 6 %;
- бастапқы жарна – 10 %;
- мерзімі – 19 жыл;
- несиенің ең жоғары сомасы:
– Петропавлда – 15 млн теңге;
– облыс аудандарында – 10 млн теңге.
Облыс маңындағы бірінші немесе екінші нарықтағы тұрғын үйді алуға болады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Жасы 35-тен аспауға тиіс (өтінім берген сәтте);
- Соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай еңбек өтілі болуы қажет;
- Мына салалардың бірінде ресми түрде жұмыс істеуі керек:
– денсаулық сақтау;
– ветеринария;
– мәдениет;
– спорт;
– әлеуметтік қорғау;
– азаматтық қорғаныс;
– энергетика.
Қатысушылар балдық жүйе бойынша іріктеледі. Мыналар ескеріледі:
- әлеуметтік статусы;
- отбасылық жағдайы;
- баласы бар-жоғы;
- кәсіби тәжірибесі.
Өтінім 26 мамырдан 11 маусымға дейін қабылданады.
Құжаттарды Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58а мекенжайындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тапсыруға болады.
Жұмыс кестесі: сағат 9:00–18:30, үзіліс сағат 13:00–14:30.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.