Тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы «КешREC» бағдарламасында отбасы, марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаев туралы естелік айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Тележүргізуші бүгінде ұлдары әкеcі сияқты көпшіліктің батасын алып, қайырымды іспен айналысса деп тілейтінін жеткізді. Айтуынша, күйеуі кезінде салған балабақша мен мектептер қазір жұмыс істеп тұр.
«Ол жердің қызметкерлері әлі күнге дейін алғысын білдіріп жатады. Сол жандардан балаларым да бата алса екен деймін. Ұлдарым әкесінің жолын қуып, елге сыйлы азамат болса екен. Қазір Қайраттың артында қалған 4 ұл мен 1 қызы бар. Ол «Енді балаларымның қызығын көремін» дегенде өмірден өтті. Кейде балаларының, әсіресе кенже ұлымның әкесіне ұқсағанын байқаймын», – деді Ләйла Сұлтанқызы.
Тележүргізуші балалары әкелерін сағынып жүргенін айтып, көзіне жас алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.