Әйелдер арасында астаналық Диана Ержанова чемпион атанды.
Триатлоннан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды
Фото: ҰОК
323
оқылды

Түркістанда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жарыста алматылық Егор Крупяков жеңіске жетті. Екінші орынды шымкенттік Дарын Қонысбаев иеленсе, үздік үштікті алматылық Александр Тен қорытындылады.

Әйелдер арасында астаналық Диана Ержанова чемпион атанды. Күміс медальді алматылық Дарья Мазур жеңіп алса, астаналық Аида Ким үшінші нәтиже көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.