Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰОК мәліметінше, үшінші айналымда қазақстандық спортшы Польша өкілі Магда Линеттен басым түсті. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.
Рыбакина жартылай финалда Эмма Наварро (АҚШ) мен Беатрис Хаддад Майя (Бразилия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.