Қазақстандықтар әр салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Бокстан Азия чемпионатында 12 қазақ қызы жеңімпаз атанды
Фото: ҰОК
1,197
оқылды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Коломбо (Шри-Ланка) қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде 12 мәрте жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, біздің спортшыларымыз чемпионаттың барлық салмақ дәрежелерінде финалға шықты. Қазақстандықтар әр салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Құрлықтық турнирде бірінші орындарды:

  • Айым Танкибаева (48 келіге дейін);
  • Сила Биболсынқызы (50 келіге дейін);
  • Рахмина Абдумежитова (52 келіге дейін);
  • Жанель Имантаева (54 келіге дейін);
  • Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін);
  • Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін);
  • Алина Құдайгенова (63 келіге дейін);
  • Ақбота Есімбекова (66 келіге дейін);
  • Мария Сидоренко (70 келіге дейін);
  • Зарина Толыбай (75 келіге дейін);
  • Құралай Егінбайқызы (81 келіге дейін);
  • Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары) иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.