Жәнібек Әбілханға жоғарғы ұпай жинағаны үшін өзі дайындалған оқу орталығы пәтер алуға сертификат табыстады.
ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйлады
Фото: Әлеуметтік желіден
2,284
оқылды

ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушы Жәнібек Әбілханға қосымша білім беру орталығының басшылығы пәтердің сертификатын табыс етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұған дейін аталған білім беру орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында 140 балл жинаған түлекке пәтер берілетіндігін мәлімдеген екен. Сол орталықта білім алған Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, енді оқу орталығы оған пәтердің сертификатын табыстаған.

Білім беру орталығының өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй Жәнібек оқуға түсетін қаладан алынады. 

Сонымен қатар, ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа  бағалы сыйлықтар тарту етілген.

Бүған дейін біз Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинаған оқушы белгілі болды деп жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.