Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыруды жалғастыруда.
Полиция трассада есірткі курьерін ұстады
Фото: Polisia.kz
217
оқылды

Министрліктің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттің көмегімен Ақмола облысы Талапкер ауылы маңындағы автожолда өңіраралық курьерді ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Тексеру барысында ұсталған азаматтың Қостанай – Семей бағыты бойынша есірткі заттарын тасымалдағаны анықталды. Курьер бұрын математика пәнінің мұғалімі болған. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықта тұрған рюкзактың ішінен синтетикалық есірткі "мефедрон" салынған пакет табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір килограмды құрады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.