Жуырда еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылардың басын қосқан Қазақстан кубогы өз мәресіне жетті. Аталмыш турнирге елдің барлық өңірінен 140 спортшы қатысты.
Дүбірлі додада Алматы қаласының таэквондо құрамасы озық шығып, командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Бұл жеңіс – қаладағы спорттық инфрақұрылымның даму деңгейін және жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесін көрсететін маңызды жетістік. Алматылық спортшылар жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, жанкүйерлер мен мамандардың жоғары бағасына ие болды.
Атап айтқанда, жарыста сегіз жасар Нұрболхан есімді жас спортшы ерекше көзге түсті. Ол юниорлар санатында чемпион атанып, болашағынан зор үміт күттіретін жас өрен ретінде танылды. Таэквондомен төрт жылдан бері айналысып келе жатқан ол жарыстан кейін берген сұхбатында Алматыда спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Гаухар Асанқызы, Айғаным Сәкенқызы