Актриса, әнші Жарқынай Ханайымға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марапат алып жатқан сәттегі видеоны бөлісті. Сонымен қатар өнер жолындағы ұстаздарына алғыс білдірді.
«21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Қазақстан Президентінің 2025 жылғы 16 мамырдағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алдым. Бұл атақты маған білімін берген, еңбегін сіңірген ұстаздарымның ақталған еңбегі деп білемін. Өнер жолында тоқтамай, еңбек етуіме үлкен шабыт деп қабылдаймын. Өздерінен оздырып, мен сахнаға шыққанда тақымын қысқан ұстаздарыма алғысымды білдіремін», - деп жазды Жарқынай Ханайым.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.