Әлемдегі мегажұлдыздың алдымен 1 тамызда Астанада ән кеші болады.
Дженнифер Лопес еліміздің екі қаласында концерт өткізеді
Фото: instagram.com/jlo
1,268
оқылды

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Қазақстанның екі қаласында концерт өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлемдегі мегажұлдыз алдымен 1 тамызда Астанада, одан кейін 10 тамызда Алматыда екінші ән кешін өткізеді. Бұл туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді.

«Қазір Дженнифер Лопеспен екінші қосымша концерт өткізу туралы келіссөздердің соңғы кезеңі жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Айта кетейік, биыл сәуір айында америкалық поп-жұлдыз Дженнифер Лопес Қазақстанда алғаш рет Up All Night әлемдік туры аясында 1 тамызда өнер көрсететіні белгілі болған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.