24-30 мамыр аралығында Астанада ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰОК мәліметінше, бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар қалалардан шамамен 1 000 балуан қатысады.
Биылғы жарысқа халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғаған атақты спортшылар да қатысады. Өйткені кубоктың басты мақсаты - алдағы әлем чемпионаттарына қатысатын балуандарды ұлттық құрама сапына іріктеу.
Алғашқы медальдар еркін күресте сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді грек-рим күресінің балуандары аяқтайды.
Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.