Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, қару оқталмаған күйде қалған.
«Қарудан қол ізі табылған жоқ, оқтаулы күйінде қалған»: Шерзат Полат ісіне қатысты тағы бір тың дерек
Жоғарғы сот
971
оқылды

Бүгін Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған негізгі күдіктілерден жауап алынып, сот отырысы өтіп жатыр, – дейді Aikyn.kz сайты.

Қазір мемлекеттік айыптаушы саусақ ізі алынғанын әрі криминалист қол қойғанын мәлімдеді. Сонымен қатар оқиға орнынан табылған қаруға қатысты тергеуші жазған тың деректі оқып берді.

– Қару үстін қызыл түсті дактилоскопиялық ұнтағымен қарау барысында қол іздері анықталған жоқ. Аталған қаруды бөлшектеуге мүмкіндік болған жоқ. Сонымен қатар аталған қарудың тұтқасы басылмай, оқталған күйде болды. Осымен затты қарап тексеру аяқталды, – деді мемлекеттік айыптаушы.

Бұған дейін бойы 170 сантиметр, арық денелі Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты мән-жай да біртіндеп анықталып жатқанын, оның мәйітінде дене жарақаттары болғанын жазған едік.