Бүгін Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған негізгі күдікті Абзал Шынасыл сот отырысында жауап беріп жатыр. Одан бөлек тағы бір күдіктіден жауап алынып жатыр, – дейді Aikyn.kz сайты.
Қазір мемлекеттік айыптаушы саусақ ізі алынғанын әрі криминалист қол қойғанын мәлімдеді.
Бойы 170 сантиметр, арық денелі Шерзат Полаттың мәйітіне қатысты мән-жай да біртіндеп анықталып жатыр.
Прокурор мәйітті қарап, тексеру барысында анықталған жарақаттар жайлы сөз етті.
– Оң жақ бетінде қызыл-қоңыр түсті қан дағы және көгерген іздер бар. Мәйіттің үстіңгі ернінде қызыл-қоңыр түсті қан дақтары бар. Сол қолының бесінші саусағында 1 сантиметр құрайтын жарақат бар. Мәйіттің оң қолының білек тұсында 2 сантиметр болатын жарақат орны бар. Мәйіттің арқасының сол жақ қабырға тұсында 2-2,5 сантиметр болатын өткір затпен кесілген сұғылмалы кесілген жарақат орны бар. Мәйітті қараған кезде, көзге көрінетін басқа да дене жарақаттары анықталмады, – деді мемлекеттік айыптаушы.