Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Қытай өкілі Ван Синьюймен кездесті.
Кездесу екі сетке созылды. Рыбакина жалпы есепте 6:1, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Польша спортшысы Магда Линеттпен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.