Бүгін Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған негізгі күдікті Абзал Шынасыл сот отырысында жауап беріп жатыр, – дейді Aikyn.kz сайты.
Осы кезде мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдың 5 қазанындағы Эльмира Нұрбековадан алынған жауапты оқыды:
– Сол кезде көшенің арғы бетінен қайтыс болған бала қолынан мылтығын алып, жүгіріп келіп, әкемді жіберіңдер, қойыңдар деп, бір рет атқан еді. Содан жаңағы азамат тағы да атамын деп айғайлады. Сол кезде ана маған танымайтын жігіттердің барлығы қашып, менің жанымдағы Нұрқияс, Абзал, Азамат, Шыңғыс және бетінде көгергені бар жігіт мылтықты атқан балаға қарай жүгіріп, ат, ат деп айғайлады. Сол кезде мен Равильді алып, арғы жаққа кеттім. Болды, тыныштал деп. Ал Равиль болса менен қашып, жүгірді. Содан мен арғы жақтан қарап тұрған уақытта ана баланың мамасы, яғни Бишембиеваны айтып жатыр, көмектесіңдер, баламды өлтіріп жатыр деп айғайлаған болатын. Әрі қарай мен де барып, арасынан қара куртка кигенді тартып алдым. Бір кезде қарасам, мылтықты алып шыққан бала жерде жатыр. Және үсті қан-қан болды. Содан бала ішіне жатқан кезде, Абзал қолындағы пышағымен арқа жағынан сұғып жатқанын көрдім. Қойыңдар дегенімде, Равиль мені машинаға отыр деп алып кетті, – дейді мемлекеттік айыптаушы.
Бұған дейін Абзал Шынасылдың Шерзаттың ағасын жедел жәрдем шақырған кезде ұрып-тепкенін жаздық.