Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз жапониялық Хирото Шинозукамен кездескен болатын. Тартысты бәсеке 4:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.
1/16 финалда Герасименко Тунис спортшысы Вассим Эссид пен бразилиялық Уго Кальдерано арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.