Ордабасы ауданының тұрғыны Әбілхан Жәнібек Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже 140 ұпай жинады, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Білім басқармасына сілтеме жасап.
Жәнібек 1-сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Мектеп-гимназия директоры – Исанова Сәуле Егембердіқызы. Сынып жетекшісі – Бортай Гүлзира Ағабекқызы. Оқушымыз ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Көпбалалы отбасынан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі, – деген пікір білдірді ұстаздары.
Жәнібек Асқарұлы – өз арманына сеніммен қадам басқан, жауапкершілігі жоғары, уақытты тиімді пайдалана білетін ізденімпаз жас. Оның табандылығы, жауапкершілігі, уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі. Біз Жәнібекті шын жүректен құттықтап, алдағы білім жолында биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз, – делінген Түркістан облысы Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.