Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады.
«Мақпал Жүнісова ұрысып жатыр»: Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясовадан кешірім сұрады
Коллаж: Aikyn.kz
787
оқылды

Әнші Меруерт Түсіпбаева Халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, жағдайды түсіндірді.

«Әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа әңгімелер жазылып жатыр. Сол үшін бүгін осы даудың нүктесін қойғым келеді. Маған танымал адамдар да хабарласып жатыр. Көп рақмет. Мақпал Жүнісова әпкем де хабарласып, ұрысып жатыр. «Сенің жасың кіші, ол кісінің жасы үлкен, беделді адам. Кешірім сұра» деп жатыр. Мен кешірім сұрауға дайынмын. Майра Ілиясова ханымнан кешірім сұраймын. Шын мәнінде, адам ретінде ол кісі маған көп көмектескен. Мен ол кісінің еңбегін бағалаймын. Біздің дау-дамай қоғамдық жұмысқа қатысты болған», - дейді Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева Майра Ілиясоваға ренішін білдіріп, "албасты" дегені көңіліне тигенін айтқан  болатын. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.