Үйдегілермен шай ішіп отырғанда анам «Мәншүктің 8 жастағы ұлы Меккеге жолдама алып берді» деп әңгіме бастады. Кішкентай баланың бұл жетістігіне қызығушылығым оянып, анасы Меккеден келгенде баласынан сұхбат алуға асықтым.
Сұхбат барысында балақайдың ақылдылығына, анасына деген ерекше құрметіне риза болдым. Сонымен қатар үш жылдан бері Ерген Зерделі халықаралық мектебіне грант ұтып алып, сол жерде білім алып жүр екен.
Ол 195 елдің мемлекеттік рәміздерін жатқа біледі. 2023 жылы әлемдегі әр мемлекеттің туын танып, еліміздің көк байрағын құрметтегені және патриоттық сезімі үшін Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтан алғысхат алыпты.
Ерген 5 жасынан бастап анасын Меккеге жіберу үшін ақша жинай бастапты. Осы 3 жылдың ішінде жеткілікті қаражат жинап анасын Меккеге жіберді. Анасы қуаныштан көзіне жас алып «Жәннат ананың табаныңда» деп бекер айтылмаған дейді. Ерген күн де анасын қалай шексіз жақсы көретінін айтып барып ұйықтайды екен. Осыны естігенде баласының анасына деген махаббатына таңқалдым. Бала Ерген үйіндегі кенжесі екен. Бауырларымен жақсы қарым-қатынаста, күн де олармен ойнап, айтқандарын қалт жібермей орындайды.
Бала Ерген өскенде «Президент болып, өз еліме қызмет ету және анамның барлық арманың орындау» мақсатым дейді. Мақсаты биік өренге сәттілік тілеп қоштастық.
Аяна ЖАНДОСҚЫЗЫ, С. Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы
Астана қаласы