Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Былтыр Әзербайжанда өткен саммитте Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтың бірі екеніне тоқталып, түркі халықтарының әрдайым ынтымақта болуы керек екенін айтқан болатын.
Биыл "Шығыс, батыс пен түйісу нүктесі" тақырыбында өтетін саммит мемлекет басшыларына басым бағыттар бойынша ықпалдасу және дамыту мәселелерін талқылап, өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді. Саммит қорытындысы бойынша, Түркі мемлекеттері ұйымының ортақ болашағы мен стратегиялық бағытын растайтын Будапешт декларациясын қабылдап, өзге де маңызды шешімдер мен бастамаларды мақұлдау жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.