Өрт орнынан 50 адам өз бетімен сыртқа шығып үлгерген.
Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Видеодан скриншот
692
оқылды

Төтенше жағдай Атырау қаласындағы Сырым Датұлы көшесінде тіркелді. Бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан, – деп хабарлайды Аikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер автосаты арқылы жоғарғы қабатқа шығып, суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз еткен.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында от үлкен аумаққа таралмай, дер кезінде сөндірілді. Өрттің салдарынан 50 адам өз бетімен сыртқа шығып үлгерген.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз