Тағы бір отандасымыз Айым Мейіржанова да жоғары нәтиже көрсетіп, 80.450 ұпаймен бесінші орынды иеленді.
Айбота Ертайқызы Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: Qazsport телеарнасы
566
оқылды

Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыс бойынша қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazsport телеарнасының мәліметінше, төрт жаттығудың нәтижесі бойынша ол 82.200 ұпай жинап, үздік үштік қатарына енді. Бұл сында Өзбекстан спортшылары алғашқы екі орынды иеленді. 

Тағы бір отандасымыз Айым Мейіржанова да жоғары нәтиже көрсетіп, 80.450 ұпаймен бесінші орынды иеленді. 

Атап өтсек, бұл байрақты бәсекеге Азияның 19 елінен 100-ден аса спортшы қатысып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.