Маңғыстау облысында шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті.
Жалған құжат жасаған: Маңғыстауда заңсыз көші-қон арнасы анықталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,419
оқылды

qazaqstantv хабарлауынша, 15 мамырда жедел іс-шаралар барысында 3 күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында:
 - әртүрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
 - шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
 - электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
- шамамен 2 млн теңге қолма-қол ақша;
- 2 көлік тәркіленді. 

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.