Тыңдарманның азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
«4 адамға концерт өткіздім»: әнші Бауыржан Исаев ренішін білдірді (видео)
Фото: видеодан кадр
7,184
оқылды

Әнші Бауыржан Исаев концертке келетін көрерменнің азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші былтыр, сонымен қатар он жыл бұрын өткізген ән кешіндегі жағдайды есіне алды.

«2015 жылы сахнада жүргеніме 19 жыл болды. Сол кезде небәрі 9 адамға концерт қойғанмын. Бұл – күлетін жағдай емес. Жалпы, залдың бос болуы – өнер адамы үшін өте ауыр. Соған қарамастан, 1,5 сағат бойы өнер көрсеттім. Жарнамасы жүргеннен кейін концертті өткізу керек. Сосын былтыр Алматы облысында, қай аудан екенін айтпай-ақ қояйын, 4 адам келді. Солар үшін 1 сағаттық бағдарлама қойдым. Тағы бір-екі ауданда 15-20 адамнан ғана жиналды. Осыдан кейін қатты ойландым. "Біздің дәуіріміз өтті ме?, Біздің әндеріміз тыңдарманға қажет емес пе?" деп ойландым. Негізі бұл көп әншінің мәселесі», – деді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.