Украина тарапы ең алдымен атысты тоқтату мәселесін көтерген.
Ыстамбұлдағы Украина-Ресей келіссөзі аяқталды
Фото: ТАСС
1,234
оқылды

Ресей мен Украина тұтқын алмасады. Екі тараптан 2 мың адам босатылуы тиіс, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл бүгін Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының арасында өткен келіссөздерден кейін белгілі болды.

Басқосуда Украина жағы екі ел басшылары арасында тікелей келіссөздер өткізуді сұраған. Бұл туралы кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізген Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді.

Келіссөздер жабық режимде өтті. Ал қазір тараптар жеке-жеке баспасөз жиынын өткізуі мүмкін деген ақпарат тарады. Белгілісі — Украина тарапы ең алдымен атысты тоқтату мәселесін көтерген.

Украин делегациясының өкілі Рустем Умеровтың айтуынша, Ыстамбұлдағы кездесуде тұтқын алмасу бойынша 1000-ға 1000 формуласы бойынша келісімге келген.

Бұл ақпаратты Ресей делегациясын бастап келген Владимир Мединский де растады.